"Лаборатория Касперского" дерекқорынан үшінші тарап бағдарламасы үшін орнату пакетін жасау

Kaspersky Security Center Web Console сервері орнату пакеттері көмегімен үшінші тарап бағдарламаларын қашықтан орнатуды орындауға мүмкіндік береді. Осындай үшінші тарап бағдарламалары тиісті "Лаборатория Касперского" дерекқорына қосылған. Дерекқор, Жаңартуларды Басқару серверінің қоймасына жүктеп алу тапсырмасын бірінші рет іске қосу кезінде автоматты түрде жасалады.

"Лаборатория Касперского" дерекқорынан үшінші тарап бағдарламасына арналған орнату пакетін жасау үшін:

  1. Бағдарламаның негізгі терезесінде Табу және орналастыруОрналастыру және тағайындауОрнату пакеттері бөліміне өтіңіз.
  2. Қосу түймесін басыңыз.
  3. Орнату пакетін жасау шеберінің ашылған бетінде Орнату пакетін жасау үшін «Лаборатория Касперского» дерекқорынан бағдарламаны таңдау параметрін таңдап, Келесі түймесін басыңыз.
  4. Ашылған бағдарламалар тізімінен тиісті бағдарламаны таңдап, Келесі түймесін басыңыз.
  5. Ашылмалы тізімнен қажетті локализация тілін таңдап, Келесі түймесін басыңыз.

    Бұл қадам, бағдарлама бірнеше тілді ұсынса ғана көрсетіледі.

  6. Сізге орнату үшін Лицензиялық келісімді қабылдау ұсынылатын болса, онда Лицензиялық келісімді оқып шығу үшін ашылған Түпкі пайдаланушының лицензиялық келісімі бетінде өндірушінің веб-сайтындағы сілтемеден өтіңіз, содан соң Мен осы Түпкі пайдаланушының лицензиялық келісімінің ережелері мен шарттарын толық оқып шыққанымды, түсінгенімді және қабылдайтынымды растаймын жалаушасын қойыңыз.
  7. Ашылған Жаңа орнату пакетінің атауы бетінде, Пакет атауы өрісінде орнату пакетінің атауын көрсетіп, Келесі түймесін басыңыз.

Жасалған орнату пакеті Басқару серверіне жүктелгенше күтіңіз. Орнату пакетін жасау шебері сізге пакет жасау процесінің сәтті аяқталғанын білдіретін хабарды көрсеткеннен кейін, Аяқтау түймесін басыңыз.

Жасалған орнату пакеті орнату пакеттерінің тізімінде пайда болады. Сіз Бағдарламаны қашықтан орнату тапсырмасын жасау немесе қайта конфигурациялау кезінде осы пакетті таңдай аласыз.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: Желі қорғанысын конфигурациялау

Басына оралу